Источник: 7152.kz
Облыстағы көзі тірі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ең жасы бүгінде 94-95 жасқа келген. Биыл Жеңіс күнін 27 солтсүтікқазақстандық ардаргер қарсы алады. Солардың бірі — Василий Васильевич Макиенко, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
95 жастағы соғыс ардагері қырық бірдің қырғыны жайында көп айта бермейді. 17 жасында майданға аттанып, қолына қару алған. Ол кезде басқа амал да, таңдау да болған жоқ–дейді жерлес жауынгер.
-Соғыс басталған жылы мен 14-те едім. Ерлердің бәрін әскерге әкеткесін, біз ерте есейіп, олардың орнына колхозда жұмыс істедік. 1944 ші жылы 17-ге толғасын маған да шақырту келді. 44-ші қосымша атқыштар полкінде қызмет еттім. Кейін 142 атқыштар полкіне 5-ші дивизяға жіберді. Германияның Кенигсберг қаласына дейін жеттік. 1945 жылдың сәуір айы еді. Неміс әскері қашып, Жеңіс жақындаған кез. Талай қатарлас жауынгер достарымның өлімін көрдім. Өте қиын жылдар еді -деп еске алады ҰОС ардагері.
Жауынгер жеңісті Кенигсберг қаласында қарсы алды. Соғыс аяқталса да, Василий Макиенко әскери қызметін жалғастырып, соғыс салдарын жоюға ат салысты. Әуе десант әскерінің құрамында болды. Сол жылдары 75 рет парашютпен секірді. Үйіне тек 1950 жылы оралды.
Тағы да оқыңыздар: Қадір түні — тағдыр түні
Источник: 7152.kz