Источник: 7152.kz
Жол белгілерін жаңарту, салу жұмыстары 1-ші мамарыдан басталып, жыл соңына дейін жалғасады. Жол бойында орнатылған белгілердің сапасы биыл өзгеше, яғни төзімділігі 4 жылдан аса уақытқа жетеді. Бұл үшін термопластик қолданылып жатыр, деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
— Қазір біз жол белгілерін термопластикпен салып жатырмыз. Термопластик дегеніміз, бұл ұнтақ түріндегі сыр. Оны біз арнайы жабдықталған қайнап тұрған пешке құямыз, ерітіндімен жолға белгі саламыз. Көпке жетеді, тозып қала бермейді. Өте ыңғайлы- дейді бұл іспен айналысып жүрген «Дорсигнал» ЖШС директорының орынбасары Юрий Зартдинов.
Мамандардың сөзінше, термопластиктың сырдан басты айырмашылығы төзімділігінен бөлек, салынған жол белгілері мен таңбалардың жарық қайтаруында. Бүгінгі таңда 15 көшеде бұл жұмыстар аяқталды. Барлық орталық көшелерде жұмыстар атқарылды.
— Биыл алғаш рет бізде термопластик қолданылуда, оны қолдану үшін күннің көзі шығып тұруы керек, сол себепті жұмыстарды сағат күндізгі 12-1 аралығында атқарылады- деп түсіндірді қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.
Айта кетейік, осьтік жол белгісін сары түспен бояу әзірге қанат қақты жоба, еуропалық стандарттарға сай салынып жатыр. Нәтижесінде жол белгілері қыста да жүргізушілерге көрінеді.
Тағы да оқыңыздар:Халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды
Источник: 7152.kz