Әскери оркестр ардагерлерді мерекемен құттықтады

Источник: 7152.kz
9 мамыр жеңіс күнінде әскери институттың оркестрі ардагерлерге ерекше музыкалық сый жасады. Карантиндік шараларға байланысты майдангерлердің басын қосып, мереке ұйымдастыруға мүмкіндік болмаған соң, әскерилер қарттарды жеке-жеке құттықтады, джеп хабарлайды 7152.kz тілшісі.
Әскери институттың оркестрі бірінші болып Федор Щегловтың ауласына келді. Федор Васильевич соғыс басталған кезде небәрі 14 жаста болған, әкесі мен екі ағасы соғысқа аттанған. Ал, жеңіс жауынгері  әуелі тылда еңбек етіп, кейін оған1944 жылы шақырту қағазы келіп, әскер қатарына қосылған. Бүгінгі мерекеде майдангер ордендері тағылған костюмін киіп, далаға шықты.  
-Бұрын жыл сайын орталық алаңға шығып шеруге қатысатынбыз. Содан соң, жауынгер ботқасынан ауыз тиіп, Жеңіс саябағында жиналатын едік. Күні бойы құттықтауларды қабыл алып, жас ұрпаққа «еліміз тиыш, аспанымыз ашық» болсын деген тілектерімізді білдіретін едік. Енді, біз қартайып келеміз, жүріп-тұру қиын, бұдан бөлек карантин шаралары да бар. Бірақ осыған қарамастан, бізді ұмытпай,  мерекелік  көңіл күй сыйлағандарыңыз үшін алғысымды айтамын. Әрбір шырқалған әнге қосылып отырдым. Соғыс әр отбасыға зардабын тигізді.Қаншама жас қыршынынан қиылды- дейді  соғыс ардагері Федор Щеглов .
Әскери оркестр майдангер Александр Тищенконың үйінің алдында да сап түзеді. Александр Александрович 1942 жылы он сегіз жасында әскерге аттанған. Майдангер Выборг, Маннейргрейм жерлеріндегі шайқасқа қатысқан. Жеңіс жауынгері Ұлы Отан соғысының 2 дәрежелі ордені,Қызыл жұлдыз, «Германияны жеңгені үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» атты медальдармен марпатталған. Соғыстан соң, бейбіт өмірде 30 жылға жуық желілік полиция саласында қызмет етті. Әскери оркестр бұл күні 5 ардагерді  Ұлы жеңістің 76 жылдығымен құттықтады. Әсери оркестр аулада  «Катюша», « Жеңіс күні» «Үш танкист» және тағы басқа әскери тақырыптағы әуендерді ойнады. 
Тағы да оқыңыздар: Еңбегі де, ерлігі де үлгі болған ардагер
Источник: 7152.kz

Похожие записи

Комментарии

Instagram

Самые популярные